meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  20.08.2022
  170


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

АКВАРИУМДАҒЫ БАЛЫҚТАР

Аквариумдағы балықтар-ай, балықтар!
Ұқсас екен біздей сері халыққа.
Мәз болады жіберсең бір жемді сап,
Біздей – сері.
Біздей – ойсыз,
Сенгіш-ақ:
Еркіндікке естен танып мәз боп жүр,
Егемен ел болдым дейтін мен құсап...
Аквариумдағы балықтар-ай, балықтар,
Қалайша ұқсас біздей сері халыққа.





Пікір жазу