20.08.2022
  105


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ФАИЗ АХМАД ФАИЗДАН

Балалық патшалығындағы жылдар-ай, жырақ!
«Сүйемін!» – деп ең сонда Сен.
Арман аңсаған!
Үздіккен Сенің үніңді тыңдамай, бірақ,
Талақ қып тастап кеткен ем...
Таң қалам соған!
Ғұмырымның патшалығындағы жылдар-ай жырақ!
«Сүйемін! – дедім – Сүйемін!»
Сембеді жағым...
«Мен – сөндім – жанып...» –
Дедің де тыңдамай, бірақ,
Талақ қып тастап кеткенсің Сен мені, жаным...
Жөнеуде жылдар беттегі пердені ысырып,
Сенделіп жүріп
Сен де өмір сүріп келесің,
Мен де өмір сүріп..





Пікір жазу