meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  20.08.2022
  167


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

БЕЛГІСІЗ СОЛДАТ

Жырыммен Даңқ боп сенгісіз
Демеймін: – Аспанды шолайын.
Осынау Дәуірдің белгісіз,
Белгісіз солдаты болайын!
Гүл болып тұрса екен атым да,
Рухым оянып моладан –
Ұрпақтар Белгісіз Ақынға
Ескерткіш қойғанда қоладан...





Пікір жазу