20.08.2022
  92


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Елді аяймын – таң нұры түспейтұғын көзіне...

Елді аяймын – таң нұры түспейтұғын көзіне,
Жерді аяймын – тағдыры түсініксіз өзіне.
Жайсам деп ем дастарқан гүлге шарап орап та,
Жердің үсті – тас-талқан...
Кім келеді қонаққа?!
Жер бетінің желегін рақатқа батырып, –
Қызық қылсам деп едім Қызыларайға шақырып.
Дастарқанға келіңдер!
Үндемейсің сабаз, ә?
Той өтпесе жеріңде не өтеді – жаназа?!





Пікір жазу