20.08.2022
  146


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ПРОМЕТЕЙ АЛАУЫ

Тірі жан жоқ далада ояу –
Жаһан жаңа жаралып.
Қапас ғалам – қара бояу.
Күн көзінде – қара бұлт.
Жер тамыры тоқтап тұрды.
Кенет...
Көктен түсті де,
Прометей от лақтырды,
Мұз – ғаламның үстіне!
Ғалам отсыз қала ма енді жұмыр
Жерді жұт алып?
Киелі алау жана берді сөніп қалмай... тұтанып!
Замандарым!
Адамдарың найзағайша шатырлап,
Аристотель...
Абайларың вулкан құсап лапылдап! –
Өттіңдер-ау,
Шүкір, халық, сөну деген саған жат
Прометейдің алауы ғой бүкіл – Тарих, адамзат!
Зымыран Уақыт!
Ұшайықшы аттап бүкіл түнектен,
Мұз – Ғаламды құшайықшы сол бір отты
жүрекпен!
Тіл алмайтын баламын мен, көресімді көремін,
Прометейдің алауымен өртенеді өлеңім.
Өртенеді өзегім де, өзге затты жат қылып,
Кең дүниені кеземін де өтемін от лақтырып!





Пікір жазу