20.08.2022
119
АҚЫНДАР МЕН ҚҰДАЙЛАР
Ақындарым-ай...
Тоқтады қанша, соқпады қанша ел жүрегі?
Мемлекеттік Штыкты қорғап біреуі,
Біреуі өлді елемей елдің жара... зарын,
Басымен ұрып Мемлекеттің Барабанын...
Біреулер өлді...
Не деген сорлы сүреңі,
Мемлекеттік Етікті жалап біреуі –
Өліп барады!
Осы ма үлгі, өнеге?
Тағы да біреу осылай... текке өле ме?!