20.08.2022
  153


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Мен сені сағындым көктемде...

Мен сені сағындым көктемде,
Төбемнен жыл құсы өткенде,
Домбыра күйшіге тап болып
Әдемі әуенін төккенде.
Түк те жоқ, өзіңсің санада,
Сағыныш, жалыныш, нала да.
Мен сені сағындым далада,
Мен сені сағындым қалада.
Сені іздеп шекті азап есіл ар,
Мені де сен де бір есіңе ал.
Сүюді білмейтін адамның
Осынау өмірде несі бар?!
Мені де сен де бір есіңе ал..





Пікір жазу