20.08.2022
119
Дала – дастан!
Дала – дастан!
Бала жастан оқып өскем сені мен,
Көкпарыңа араласқам құлап аттың ерінен.
Қыз қууда ұлы халық намысына күйгенмін.
Ат үстінен жұлып алып аруыңды сүйгенмін!
Кереметім – кеңдікте! – деп,
Серілікте! – деп ел өсті.
Бұл далаға – ерлік керек, ездік... керек емес–ті.
Басымды оқтан ала қашпан.
Елім ермен – еңселі.
Дала – дастан!
Бала жастан оқып өскем мен сені!..