20.08.2022
  72


Автор: Өріс Яшүкірқызы

БАТЫРАШТЫҢ ҚАСТЫҒЫ

Жоқ! Жоқ! Жоқ!
Суыт хабар
Бұл не деген сенбейміз,
Өкінішпен өтер болдық өңкей біз.
Елім деген Арыстарға опат көп
Қашан, қашан бұл сұмдықты жөндейміз.
Бір азамат тағы кетті қапыдан,
Ішімізге толып кетті запыран,
Кім екен ол?! Қол батырған қарақшы
Қарғыс келсін бір Тәңірдің атынан.
Бұл Алтекең заты Алаштың ұлы- тын,
Білетін-ді елдің ішкі құрытын,
Биіктікпен, парасатпен жобалап,
Болашаққа артқан еді үмітін.
Алтекеңде болғаны рас, Бас мықты.
Сүйетін ол, ынтымақты, достықты.
Дұшпандықты күтпейтін ед ешкімнен
Бір Батыраш жасап кетті-ау қастықты.
...Жәйбарақат тұра алмады жай кісі.
Жанға батты есіл ердің қайғысы.
Көңілдерде “Қап!” деген бір өкініш
Азаматтың кетті деп бір ойлысы.
Алтекеңе айта алмаймыз, “Хош!” деп біз,
Рухына тағзым етіп өтпекпіз.
Ең ойшылдар көктей солып, жұлынса
Бұл қазақтар қайтіп қана өспекпіз?!.





Пікір жазу