20.08.2022
  86


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ТҮСІНГІМ КЕЛМЕС

Тым ыстық едік, тым ыстық,
Неліктен бұлай суыстық.
Тағдырдың балын тәрк етіп
Запыран жұтып, у іштік.
Уақытша мансап мас қылды,
Арыңды былғап, лас қылды.
Әзәзіл түсіп араға
Өзіңе мені қас қылды.
Қарайсың өткен уақытқа,
Қарайсың кеткен бақытқа.
Билік кетті, мансап жоқ
Бәрі жатыр табытта.
Баяғыша жана алмай,
Іздегенді таба алмай,
Өз-өзіңнен тартылдың
Арнасы қайтқан аралдай.
Келмейді енді ісінгің,
Түсінгің кепті, түсінгің.
Жат боп кеттім мен болсам,
Түсінгім келмес түсінгім.





Пікір жазу