20.08.2022
119
![](/uploads/shorttexts/author_image/39d0c61d743637c9665153a723d2981e-240x300-1.jpg)
АР ШЫНЖЫР
Тұтансам тосын сезімнен,
Бар кінә деймін өзімнен,
Қиын шақ туып, қинайды,
Өткенде албырт кезімнен.
Қорқамын кейде өзімнен,
Шекара жасап төзімнен,
Кездесе қалсаң оп-оңай
Сыр оқи ма деп көзімнен.
Ертерек таң боп атпадың,
Мезгілсіз боп тұр шақтарым.
Өзіме-өзім қорған боп,
Сырымды ішке сақтадым.
Уақыттар өтер, жылға асар,
Мен кетермін жыр жасар.
Мендегі ардың шынжыры
Буындырып барып бір басар.