20.08.2022
  146


Автор: Өріс Яшүкірқызы

АҚ СЕЗІМ - АҚША ҚАР

Арқаның ақша қары себеледі,
Осындай ақ нұр бізге керек еді,
Бар бақыт екеумізде сияқтанды,
Құшақтың бірін бірі демегені.
Ақша қар жарастырып сәнімізді,
Іздеген тапқандаймыз әнімізді,
Ақ тілек екеуміз де тілеп пе едік
“О, тағдыр, жолықтыр деп тағы бізді”
Ақша қар ақ маржандай төгіледі,
Қос жүрек сағыныштан егіледі.
Нұр мұнау екеумізге қонып жатыр,
Шашуға бөлегендей сені, мені.
Төбеден тұрған кезде төгіліп нұр,
Жолымыз кетер ме екен бөлініп бір.
Еріген алақанда ақша қардай,
Жүректер бөліне алмай егіліп тұр.





Пікір жазу