20.08.2022
  86


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ӨЛЕҢ БОП КЕЛЕРСІҢ

Сен маған әлі өлеңсің,
Дедім ғой жақсы көрем шын,
Өзіңе ұшқан шырылдап,
Ақ көңіл аппақ көгершін.
Сен маған әлі өлеңсің,
Сен бұған қайтіп сенерсің
Қол созған сәби секілді
Сезімді қалай көмерсің.
Сен маған әлі өлеңсің,
Басыңа түссе көнерсің,
Кеудемде отың лаулап тұр,
Өзім сөнгенде сөнерсің
Сен маған әлі өлеңсің,
Өлеңмен мені жеберсің.
Өлең қып сені ұшырсам
Өлең боп қайта келерсің.





Пікір жазу