20.08.2022
  106


Автор: Өріс Яшүкірқызы

МЕН ЖОҒАЛДЫМ

Сенің де айтар сөзің жоқ,
Менің де айтар сөзім жоқ,
Лаулағалы отырмыз
Біреу салса төзімге от.
Менен шығар сезім жоқ,
Өзімменен өзім боп.
Түсінетін кезің жоқ,
Сен де жүрсің безір боп.
Сенде де бар өр кеуде,
Менде де бар кер кеуде,
Кетік-кертік ара жік
Екеуміз де шер кеуде.
Сөздеріміз таусылды,
Қарасамыз жау сынды.
Үркіп бізден махаббат
Есіктерін қаусырды.
Мен де сенен жоғалдым,
Сен де менен жоғалдың,
Өшті арадан махаббат
Жауап берер оған кім?
***
Адамдағы жан бағы,
Гүл сияқты таңдағы,
Үлбіретіп аяла
Түсінікті ар жағы...
Махабаттың түп қасыБірін бірі аямау.
Махабаттың тұтқасы
Бірін-бірі аялау.





Пікір жазу