20.08.2022
  84


Автор: Өріс Яшүкірқызы

МАХАББАТ- ҚҰС

Мен де сені жек көріп,
Сен де мені жек көріп,
Бірге сүрген өмірді
Жүрміз қазір көп көріп.
Кұшағымыз қиыспай,
Көңіліміз ұйыспай,
Бөлінуге шақ жүрміз
Бір шаңыраққа сиыспай.
Мені білдің қанша ұғып,
Сені білдім жан шығып.
Қарағайдай қайыстым
Болған едім талшыбық.
Сырт көзінде көп сіз- біз
Оңашада лепсізбіз.
Жеке –жеке хан болып
Жеке -жеке тексізбіз.
Тұтастай боп көрініп,
Әлдеқашан бөлініп,
Тінімізден ажырап
Жүрміз бөлек өріліп.
Көңілдерге қыс қонды.
Өткен уақыт түс болды,
Мәңгі дейтін махаббат
Ұшып кеткен құс болды.





Пікір жазу