20.08.2022
99
ӨМІР-МАХАББАТ
Бей өмір-ай!
Ағып бара жатырсың, ағып бара,
Науқас жүрек бастап ед сауықтана,
Қайта-қайта толқынға лақтырасың
Қалмай қойды қасымнан қауіп қана.
Бей өмір-ай!
Ағып бара жатырсың, ағып бара,
Сенің сыйың шектеулі уақыт қана.
Соңғы сапар көшімен бара жатыр,
Қаралы топ көтерген табыт мана.
Бей өмір-ай!
Сілкіп-сілкіп сен мені тастадың ба,
Енші жұлдыз тұр ма екен аспанымда,
Бәріне де үлгіріп қалам деумен
Айқасар ма кірпігім қас-қағымда.
Бей өмір-ай!
Қадірлі! Шапағатты!
Менің сәуле жүрегім шапақ атты.
Сұрамадым өзіңнен атақ, атты.
Сұрайтыным,
Қалдыра гөр Өзім мен Махаббатты.