20.08.2022
  140


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Пассуктің махаббаты

Бір жүріп, бір тұрып,
Ақыры олар тоқтады.
Мырза болса кіртиіп
Өз тағдырын боқтады.
Тұмсығын тосып ақ қарға
Иттер де жерге құлады.
«Жылынатын от бар ма?»
Мырзаның болды сұрағы.
Ақ қар. Көк мұз айнала,
Тіршіліктен үміт аз.
Тіл қатты әйел жәй ғана
Кірпігінде мұзды жас:
- О, Чарли!
Сүйіктім әрі қымбаттым,
Келіп тұр бүгін,
Ақырғы рет тіл қатқым.
Тұзды Суға жетем деп,
Қиын сапарда күн қаттым,
Сенімен түн қаттым.
Қайратым да, жолым да мынау сарқылды,
Уақыт та тақап, жүрек те жиі алқынды.
Соңғы рет шығар өзіңе бүгін тіл қату
Алдағы жолды Тәңірім бізге тар қылды.
Сүйіктім,Чарли,
Айтайын соңғы сөзімді.
Тағдырға тәубе, жар еткен маған өзіңді,
Қажысамдағы азапты жолда сыр бермей
Шыдадым мен де,
Көрсетіп барлық төзімді.
Жиһанды кезіп көп нәрсе көрген ер едің,
Демеймін рас,өзіңе лайық тең едім,
Дегенмен, мені ақшаға сатып алғанда
Иттермен бірге,
Болсыншы дедің көмегім.
Рас қой, сүйіктім?..
Алдымен қожам, Одан соң болдың күйеуім,
Әйтседе, маған тиген жоқ титтей сүйеуің.
Ит шанаң үшін тоқтамай жолды аршумен
Саудырап, міне, Осы жерге жетті сүйегім.
Тіледім сені,
Болсын деп аман Тобамнан
Қымтадым сені құйыннан, қарлы бораннан,
Үнемдеп азық, ашыққандарға бермедім
Сауапты білмей, Сен үшін қорықпай обалдан. Есіңде шығар, Жолыққан бізге соңғы адам,
(Таныдым бірден қолына түскен таңбадан),
Аюдың аузы ашылып маған тұрғанда
Ағам ед,
мені саусағын беріп қорғаған.
Кездескен сол бір,
Бауырыма да мұңлық боп,
(Көріндім бәлкім, қазымыр қатал сұмдық боп)
Бере алмай оған, бір үзім нанды қиналып
Көздегі жасым,
Төгілді бетке тұздық боп.
Жә, оның бәрі,
Елеске кетер мұнар күн,
Алдыңнан талай сеземін жақсы туар күн,
Пассукті бірақ, есіңе алсаң болғаны
Мен болсам енді О дүниелік шығармын...
- О, не дегенің Пассук!
Мына табиғат жасамаса енді қастық,
Бұғылы таудан кейін
-ақ, Хейнс тұр
Одан әрі ұмыт болады аштық... - Жо-жоқ, Чарли сүйіктім!
Менің жолым дей бер, бітті...
Мұздай мүрдеме қарап, Алаңдай көрме тіпті.
Өз аузымнан жырып сақтаған дәмді ал,-
деді де,
Кеудешесіне қолын тықты..
Кеудешеде оралған аздаған дәм болды,
Бұл азық, Чарли мырзаға жан болды.
Соншалық жолда өз үлесін ауыздан жырған
Пассукке Чарли жаны босап, таң болды.
***
Чарли мырза талайын көрді сапардың,
Көңілден бірақ өшпей-ақ қойды қатал мұң,
Пассуктің кешке елесін беріп күн батып
Елесін беріп Пассуктің шықты атар күн.
Сыйықсыз болып өтетін болды күндер де,
Иіссіз болып өсетін болды гүлдер де,
Ақыры бір күн Пассукті жыр ғып жырлады
«Мен үшін өлді аштықтан деп бір жерде».
«Осылай,- деді мойнымда қалды қарызым,
Ақиқатты айтып тірілту менің парызым.
Мен үшін Пассук күн сайын тірі қасымда
Қасымда және нан жеген сайын әр үзім».
***
Махабатта жоқ десек те ереже,
Шын сүюдің жолдары да өнеге,
Джек Лондон Пассук қызды тірілтті,
Сүйгені үшін сүйіспенді іс өлеме.





Пікір жазу