ОРДАЛЫ ЖЫЛАН ОЙРАНЫ
...Сынықтай сыр шықпаған сабырлыдан.
Сол бір кез тамыз екен тамылжыған,
Мал да аман, жан да аман тіршілік боп
Халықта болмапты кез абыржыған.
Кең дала егін-жайдан көрінбепті,
Үйірлеп жылқылары тебіндепті,
Түгінен әр майсаның майы шығып
Сыйырлар жазы-қысы желіндепті.
Дарияда балық тулап қайрандапты,
Көлінде аққу жүзіп жайраңдапты,
Бағында алма, жүзім, өрік пісіп
Бай-манап жақсы өмірде сайрандапты.
Жайлау да бар тұяққа тарылмаған,
Төрт түлік малдан тұнған сағым далам,
Хан екен билік құрған сол заманда
Қылышы қынабында қағынбаған.
Алайда, хан нөкері халық жинап,
Олардан алады екен салық жинап,
Барлары өзі берсе жалпалақтап,
Жоқтардан алады екен олар қинап.
****
Сол елдің адам бармас қырқасында,
Жыландар мекен еткен құм-тасында,
Бір кемпір күрке ішінде күн кешіпті
Ешбір жан сауын білмей, сырқатын да.
Кемпірде бес-ақ ешкі болған екен,
Сауса егер қос шелек сүт толған екен,
Бес ешкі не азаймай, не көбеймей,
Әйтеуір кемпірге азық болған екен.
Және де ешкі сүті балдай бопты,
Еті де мол шүйгіннен қардай бопты,
Кейуана не ішсе де қанағат қып,
Риза екен өміріне барлы-жоқты.
Бұл жерді «Жылан мекен» дескен екен.
Бәрі де бір ін бойлап өскен екен,
Қызынып күн көзіне жал-жұлт етіп,
Олар да тіршілігін кешкен екен.
Жылан ғой болғаннан соң сұсы қандай,
Бәрінде айдаһардың күші барды-ай,
Қыраттың етегінде бұл көрімді
Көргенде кемпір жүрді түсіне алмай. «Біріне бірі солай үйір екен,
Әр іні әр баланың үйі ме екен,
Төбенің оң жағында жиналады,
Бұлары Бас жыланның үйі ме екен»-
деп кемпір көрген сайын таңқалады,
«Бұлардан қайтып менен жан қалады»,
Құм беттен көгал жаққа құлайды кеп
Ыстықтан кепкендей бір аңқалары».
Жиілеп күркеге де келіп жүрді,
Ысылдап ошақ отын көріп жүрді,
«Ақ ішсін мақұлық қой бұлар да» деп
Кемпір де табақпен сүт беріп жүрді.
Сескеніп кемпір байғұс алаңдайды,
Төсекті түнде үйге сала алмайды,
Құм төбе–жоғарыда, күрке төмен
Не себеп, бұл жерге кеп
тараңдайды.
Кемпірдің сезді ме екен зияны жоқ,
Күрке ішін жайлап кетті ұялы көп,
Жорғалап бірі есіктен, бір ошақтан,
Түсірді кейуананың қиялына от.
«Не тесті жыландардың құт көмейін,
Білейін.
Ордасына сүт берейін
Басынып күркеме де келіп алды
Бұл зәбір бермесе өзі шық демейін,
«Деуші еді ордалының тажалы көп,
Кектенсе одан табар ажалы көп,
Ошақтың маңын және берер емес,
Жақтырмай қояма екен қазаныма от»
деген ой, басына кеп қабаттасып,
Жүрді ол төбе жаққа шелек тасып,
Үлкен ін осы жер-ау деген жердің
Бәрінің қойды алдына табаққа сүт.
Ертеңіне таң алды тәубеге еніп,
Қайта алуға ыдысын әуреленіп,
Кемпір келсе, о, тоба нанасың ба,
Күміс жатыр табақта сәуле беріп.
Ізі бар, ал
жыландар көрінбейді,
Бұрынғыша жол кесіп керілмейді.
«Апырай, мына күміс қайдан шықты»
Деуменен кем
пір тағы көз ілмейді.
Сол күні бір жақсылық түсіне енді,
Ол түстен күміс жайын түсінген-ді.
«Иа, Алла, ризығыңа шүкір» деумен
Күн сайын таси берді сүтін енді.
Не күшті дүниеде тылсым күшті,
Демейтін кімнің терең мысы күшті
Араға бір тылсым күш арқау болып
Кейуана жыландармен түсіністі.
Кемпір де сүтті деді жиілетейін.
Сүтіне күміс қайтты түймедейін,
Мұндай сый қуат берді кемпірге де,
Құлдырыаңдап жүгірді үйге дейін.
***
Кейуана қырға күнде барып жүрді,
Күмісін қалтасына салып жүрді,
Базарға да күміспен жиі келіп,
Керегін саудагерден алып жүрді.
- Бұл кемпір айырмайды тастың парқын,
Қолында күміс емес, нағыз алтын,
Асыл тас дәл мұнандай көргенім жоқ,
деп саудагер бағады істің артын.
Естіген сирек тастың аты жайлы,
Біреулер кемпір ісін бақылайды,
«Жылан інге неліктен сүт қояд»,
-деп,
Бақылаушының көздері шатынайды. «Мұнда бөтен бір сыр тылсым, -дейді «Естіртейік Хан жаққа, білсін,-дейді,
«Жылан орда жақсы емес, жоламайық,
Кемпір де, бұл төбе де құрсын!»,
-дейді.
- Байғұс ең, байып кеттің неге бұлай,
Қай жақтан несібені берді құдай, Мал басың бес ешкіден көбейіпті
Салықты молдан алам бұдан былай-
деп бір күн шабармандар мұны тапты,
Бәрінің келген екен жыны қатты,
«Бір жылдық салығыңды бірден төле»
Деп бірден байғұс жанға қамшы
басты.
- Әй, қақпас,
-деді бірі,
- көзіңді аш,
Хан үшін керек бізге сырыңды аш,
Алтын тас Хан көрмеген сенде дейді,
Канекей, көрсет шығар, сандығыңды аш!
Қасқырдың мұндай болмас талағаны,
Жалғызды басқа-көзге сабалады,
Боялып кемпір байғұс қызыл қанға
Тұруға естен танды, жарамады.
Соққыдан бір-ақ ауыз тілге келді:
«Қазына жыландарда, інде-деді»
Қолымен төбе жақты нұсқады да,
Байғұстың демі бітіп, үндемеді.
Келгендер өлген жанға қарамады,
Сөзінен іс байыбын саралады, «Жыландарды қырамыз ыстық сумен
Бар қазына қолға кеп таралады-
деді де дүбірлетіп шауып кетті,
Бұл дүбір жыландарды қауіпті етті.
Ертеңіне төбені қоршағандар
Қара қарға сияқты жауып кетті.
Атқылап зеңбірекпен құм қияны,
Сақырлатып қайнатып су құяды,
Бырсылдап өліп бара жатырыпта
Жақ ашып, жылан мақұлық у құяды.
Кейбірі серппедей тік атылды,
Мойында, білекте де бұратылды,
Алаңсыз күйгендері шала жансар
Түскен жерге арқандай шұбатылды.
Жылан мекен сұмдық боп ойран-топыр,
Құм да,тас та үйілді қоқыр-соқыр,
Піскен жылан иісін көтере алмай
Жасауылдың басшысы құсып отыр.
Сол төбеде өткізіп ала жазды,
Хан нөкері маңайдың бәрін қазды,
Еш қазына таба алмай шаршаған соң
Ханға келіп, баяндап бәрін жазды...
***
Өтті ме, өтпеді ме алты ай уақыт,
Бас басқыншы өліпті жылан шағып,
Одан кейін кісі өлсе, хабар біреу:
«Жылан шағып өліпті, жылан шағып».
Мұндай хабар күн сайын шығып жатты,
Көзге түспей мақұлық шуылдатты
Хан орданың ішінде домаланып
Жылан шаққан денелер суып жатты.
Хан орданың бұзылды тыныштығы,
Бір жоқтаусыз өтпеді тыныш күні.
Әр күн сайын жаназа шығарылып
Шышғырғанды шышғырды күн ыстығы,
Бірі айтты «Жыланнан басты қауіп,
Демеп пе едік, алады олар тауып,
Өткен жазда қырып ек біз оларды
Бізді енді олар да жатыр тауып».
Бір малшы 500 қошқар мал айдаған,
Жылан қырған төбеден бері айдаған,
Әр мүйізге оралып жылан келіп
Ордадан жоқ болыпты қарайлаған.
«Жыландар ойрандарын салады анық,
Кімдер тірі белгісіз қалады анық»-
Деген уайым басыпты нөкерлерді
Өлгендерді саусақпен санап жатып.
Есіктен де, тесіктен жылан келді,
Ішіне Хан орданың ылаң келді,
Ақыры хан бұйырды көшеміз деп
Күресіп жеңу қиын бұларды енді.
«Бұдан жоқ енді басқа амалдың да,
Көмегі болмай жатыр камалдың да,
деген сәт Хан да өліпті жылан шағып
Ақыры деген осы зауалдың да.
***
Бұл әлде аңыз, шындық па,
Бір жұрттан жеткен бір жұртқа,
Зиянын көрмей, ешкімге
Өзіңнен өзің ұрнықпа!
Деген-ау мұның түйіні.
Жыланнан үйрен намыс-ты,
Ақылмен шеш те әр істі.
Ұрпағы үшін кек алып,
Өлгенше түгел алысты
Деген-ау мұның түйіні.
Жылан зәлім, сұм деңіз,
Сыйға сый берді бір деңіз,
Жылан да бізге пайдалы
Мекендей берсін құм, теңіз,
Ордалы жылан ойранын
Дұшпанын тану білсеңіз.
Деген-ау мұның түйіні.