20.08.2022
  100


Автор: Өріс Яшүкірқызы

МӘҢГІ ӨМІРДІ ІЗДЕЙМІН

Қызықпаймын дүние-мүлік, ақшаға,
Әдемі өмір іздемеймін басқа да,
Думан қуған достардан да аулақпын
Достасуға мені олар тапса да.
Әл-Газали, Әл-Шафииді білемін,
Дәл солардай жандар іздер жүрегім.
Исламның тура жолын көрсеткен
Олар менің имандағы тірегім.
Құпиялы кітабынан Алланың,
Демеу іздеп тылсымдарды барладым.
Пайғамбардың сүннетінен сыр тартып,
Әміршіме мойынұсынар бар жаным.
Тәңірімде барлығы бар, тізбеймін,
Жаратқаннан үмітімді үзбеймін.
Мәңгіліктің бар ләззатын сезінер
Мәңгі өмірді, мәңгі өмірді іздеймін.





Пікір жазу