20.08.2022
  127


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ТІЛ - ОҚ

Тіл– оқ,
Тіл- шоқ,
Атылды, қарылды
Кең кеуде тарылды.
Іште түк қалмай
Бір сәтте жарылды.
Қаншама– жақсылық,
Қаншама– адамдық,
Қаншама– сыйластық,
Бір сәтте жоқ болды.
Қаншама– бауырлық,
Қаншама– сыршылдық,
Қаншама– жақындық
Атылды, оқ болды.
Қаншама– шуақтық,
Қаншама– жылылық,
Қаншама– сүйсіну,
Қатты да мұз болды.
Сөзіңнен шығып өтірік,
Отырмын қазір өкініп.
Жоғалған соң сенімім
Жүрекке сыз қонды.
Кімді- кім біледі,
Сыйлассам шын еді.
Алдамас деп едім
Ақ гүлдей түр өңі.
Мен екем төзімді,
Таныттың өзіңді,
Тек сырттан білсемші,
Апырай Өзіңді.





Пікір жазу