20.08.2022
97
АРУ ҚЫЗ ҚАМЫҚПА
Қалқатай, ару қыз қамықпа,
Дүние тұрғанда жарықта,
Сәтсіздік өмірдің бір сыны
Майыспа, қайыспа, қорықпа.
Қалқатай, қарағым қамықпа,
Бақытсыз болдым деп тарықпа.
Үмітің сөнбесін бақыттан
Күтуден сен оны жалықпа,
Жаманнан көрсең де азарды,
Қызсың ғой ақылды, ажарлы,
Шыдаммен шыңдалып күт бақыт
Тағдырың болады базарлы.
Аққудай ақ ару Алтынай,
Қабағың сияқты жарқын Ай,
Мен білем. Жұрт білед бір күні,
Таниды өзіңді халқың-ай.