20.08.2022
  71


Автор: Өріс Яшүкірқызы

БАҒАҢДЫ ҰҚ

Келіп бір көктем, 8-наурыз болып тұр,
Маңайдың бәрі құттықтауға толып тұр,
Өзіңе арнап гүл берсем деп ем Райхан,
Қала ма дедім ұзамай көпке солып бір.
Салмақтап көрдім біразын сыйлық кәденің,
Тең емес саған, тең емес небір әдемің.
Таңдантпас сені таңыртқатпас тағы да,
Өзіңнің терең, әрі бай ішкі әлемің.
Тазалық сенде, адамдық сенде, адалдық,
Тілеймін саған денсаулық әркез, амандық,
Сыйлаймын саған жүректен шыққан бір жырды,
Бола бер биік, бола бер терең, бағаңды ұқ.
Көрік те сенде, сымбат та сен де, дидар да,
Парасат сенде, ізгілік сенде, иман да.
Жолыңа жырды төгейін гүл ғып, сыйлық қып,
Өмірде саған сәттілік берсін, қиналма.





Пікір жазу