20.08.2022
  108


Автор: Өріс Яшүкірқызы

АҚ БАНТИК БІЗ ДЕ ТАҒЫП ЕК...

Төгіліп жүзден бір арай,
Қыз болдық біз де құралай,
Қырқадан астық мінекей
Уақыттың өзі сұрамай.
Ортада сол бір базарлы,
Бойжеткен болдық ажарлы.
Ақ бантик біз де тағып ек
Аударып түгел назарды.
Батасын беріп қалың жұрт,
Болғанбыз біз де қалыңдық.
Есеп пен қисап ойламай
Махабатқа шын табындық.
Бізден де өткен керімдік,
Бізден де өткен келіндік.
Отбасын күтіп, қызметпен
Адалынан көріндік.
Дем алып уақыт нәрімен,
Киім де кидік сәнімен,
Ақ бантик таққан кездер-ай
Алаңсыз жүрген бәрінен.





Пікір жазу