20.08.2022
  86


Автор: Өріс Яшүкірқызы

БӨЛЕК ЕКЕН БАҒАМЫЗ

Бір бөлмеден жұтатын ауамыз бір,
Түйістірген қос үстел арамыз бір.
Қолымызға ұстаған қалам да бір
Сол қаламнан алатын дауамыз бір.
Бір әйнектен алатын сәулеміз бір,
Отбасы деп жүгірер әуреміз бір.
Бұл фәниге тілеген имандылық
Бір құдайға жасаған тәубеміз бір.
Шығармашыл жолдағы талан да бір,
Ниет те бір, қалдырмақ қадамға нұр.
Үйде, түзде жүрсек те ой тұйықтап
Мақсатты іске жетуге алаң да бір.
Бір қызметте өткізер күніміз бір,
Кейде-кейде ой-ұстам, үніміз бір.
Ал біріміз драма жазып жүрсек
Ақ қағазға жазамыз біріміз жыр.
Десек дағы бірге осылай арамыз.
Өмірдегі бөлек екен бағамыз.
Алатаудың етегінде мен қалып,
Биігіне өзің шықтың дара қыз.
Енді алшақтап кетпей ме екен арамыз?..





Пікір жазу