20.08.2022
  569


Автор: Өріс Яшүкірқызы

БҰРЫМДЫ ҚЫЗ

Бұрымды қыз,
Бұрымды қыз,
Еріксіз тудырдың ғой жырымды қыз.
Арқадағы қос бұрым көзге түсіп,
Талай адам жолынан бұрылды қыз.
Бұрымды қыз,
Бұрымды қыз,
Алмай жүрсің жұмыспен тынымды қыз,
Әр талына бұрымның бақыт қонар,
Ұстай білсең шаштағы ырымды қыз.
Бұрымды қыз,
Бұрымды қыз,
Жақсы жақтан көрейік қырыңды қыз,
Қазағымның бар қызы сендей болсын
Алдырмаған салмақпен сырыңды қыз.





Пікір жазу