meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  20.08.2022
  167


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Зоопарктегі бөрі

Беу, көк бөрінің ұрпағы,
Қып-қызыл көзің от жанған,
Тамсанып тұрса жұрт бәрі,
Сырт бердің көптен топтанған.
Едің-ау көкжал ұлықтар,
Ішіне түстің түнектің,
Көрсетпей күйді кіріптар
Күжірейдің де дір еттің.
Сездіріп сыртқа айбатты,
Ұшқын шаштың жанардан,
Тісіңді тістеп қайратты
Сыймайсың торға қамалған.
Кек көрсетті тұрпатың
Шектің-ау көкжал азапты.
Амалың жоқ құртатын
Басыңа түскен тозақты.
Беу, көк бөрім, көкжалым,
Тордағы тұрған сұсың-ай,
Ішіңе тұнып кек жалын,
Басып тұр сенің мысың-ай





Пікір жазу