20.08.2022
  155


Автор: Өріс Яшүкірқызы

БОЛАШАҚТЫҢ ЖОБАСЫ

Той бүгін сән-салтанат, ғажап бүгін,
Танытты елім мынау Азаттығын.
Бетке алып жаңа ғасыр шұғыласын,
Тұрғандай ұлы жолда қазақ бүгін.
Шалқытып кең сарайда Ән Ұранын,
Тұр сапта ел қорғаным - жан Ұланым,
Дәл бүгін Астананың түні күндей,
Төбеде сен де бүгін жадыра Күн.
Той бүгін - Сарыарқада, жас қаламда
Арнайы мәртебе алған астанамда.
Тарихтың көшін түзеп Елбасы тұр,
Болашақ Жобасымен бастап алға!





Пікір жазу