20.08.2022
  125


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ТАРИХТАҒЫ ЖАҢА АТАУ

Елді елең еткізген бұл қаланың жұмысы,
Әлем көзін тіккізген болашақтың бұл ісі,
Есілдің бойын жайлаған қалың қазақ өз елім
Ел ордадан байқалар жаңа өмірдің тынысы.
Астананы демеймін сырттан біліп сынаңдар,
Көз тартатын ғимарат сұлу қыздай сылаңдар,
Бәйтеректің басына қонақтаса ақша бұлт
Қырықыншы қабаттан мойын созар крандар.
Жаңа астана қаласын тағы бізден сұраңдар,
Күнде көңіл аударар, жаңалық көп, жыр ән бар.
Төңкерілген көгінде БОИНГ мен ТУ ұшып,
Әуеден де жол салды қара көзді қырандар.
Бұл қалада жетерлік, түрік, орыс, шетелдік,
Жаңа астана іргесін ағайын боп көтердік.
Әр кірпіші қаланың қалануда Достық боп,
Жаңа Астана төрінде байқалмайды бөтендік.
Ағып жатыр іргеден шалқи түсіп Есілім,
Жаңа көш кеп ашуда күнде астана есігін.
Қоныс тойы, көш тойы думан, қызық осында
Жаңа Астана тарихқа жазып жатыр Есімін.





Пікір жазу