20.08.2022
115
![](/uploads/shorttexts/author_image/39d0c61d743637c9665153a723d2981e-240x300-1.jpg)
Қарсы ағыс
Ағыспен қатты ақпап ең,
Қалыппен ізет сақтап ең,
Есігің жабық мен келсем
Кімге сен, қалқам, жақпап ең?
Кітаптың бағын баптап ең,
Сенімді сенген ақтап ең,
Орындық бос тұр мен келсем
Кімге, сен қалқам жақпап ең?
Әдеппен аяқ аттап ең,
Еңбектен тіреу тапқан ең,
Кетіп қапсың ол жерден
Кімге сен қалқам, жақпап ең?
Кезіңнен жас бір өрімдей,
Қиындық болса берілмей,
Жаныңмен жұмыс еткенде
Еңбегің қалды көрінбей.
Таңдайға таңдай қақтырып,
Қасыңда жүр ед бақ күліп,
Қарсы ағыс келіп жағаға
Жіберді-ау сені лақтырып...