20.08.2022
  188


Автор: Сара Тастанбекқызы

АҚҚУ

Қымбатты апа, жеңгем, құрбы-құрдас,
Қайғыма қатар ортақ мұңы мұңдас.
Ғажайып түсімде мен бір іс көрдім,
Көп болып бұл түсімнің жоруын аш.
Білмедім ауысқан ба Ай менен Күн,
Болмаса өзгерген бе дүние бүтін,
Түсімде батыс жақтан таң сібірлеп,
Шығысты басып тұрды бір көк түтін.
Адасып орыннан аспанда Ай,
Көміліп көк түтінге тұр табылмай.
Күн батқан ұясынан кері шығып,
Аспанға сәуле шашты бұрынғыдай.
Айдын көл – Күн шағылысқан алдым ашық,
Көзімше көбеюде тасқын тасып.
Сол көлдің ортасында бір аққу құс,
Қорғанып дұшпанынан қонды қашып.
Шүйіліп аспандағы бір қара құс,
Аққуға алдындағы көрсетті сұс,
Көл толқып көбігімен көлегейлеп,
Тудырды қарақұсқа қиын жұмыс.





Комментарии

Халмұрат нұрсал
Ой біләәәәә
Нұрсал
Нұрсал 15.10.2022 22:07
МммммммМен ед

Пікір жазу