20.08.2022
133
ШЕШЕГЕ ЖАУАП
Жаңыл шешей қызы Ұлбикеге «кім болса сонымен қақтығыса берме, өзіңмен лайықтылармен ғана айтыс» деп ақыл айтады. Сонда жалын атқан қыз мына екі ауыз өлеңін айтады:
Аузымдағы ақ тісім, маржан тісім,
Мұндай жақсы болар ма сүйген кісім.
Сүйген кісім сүйкеніп өте шықса,
Қатты жаққан қазандай қайнайды ішім.
Тәшкеннен алып келген сырнайып-ты,
Жөнін білген тартады желқайықты.
Ақ шөйі мен көк шәйінің қиығындай,
Өзіме таба алмадым лайықты.