20.08.2022
  98


Автор: Ықылас Ожайұлы

Жасқа шылап

Жасқа шылап
не марқайтып мың көзді,
Бабам тартқан
бағытты ұстап бір кезгі.
Аяқ асты аспан жаққа аттансам,
Айта алмаспын
бұл сөзді.
Уақыт бітіп...
Ұзынымнан ал түстім,
Мезетінде таңның я талтүстің.
Молда жуар мал дәметіп тәнімді
Іштей сөйлеп:
«Денесін-ай байғұстың».
«Есіл ер-ай, қандай еді өлеңде,
Бүйте алмадық,
сүйте алмадық» дегенде...
Жаны таза
жан аңғарар сол шақта
БАРМАҚ ШЫҒЫП ТҰРҒАНДЫҒЫН ТӨБЕДЕ
Өтіріктерге... кезеліп.





Пікір жазу