20.08.2022
91
Біздің қызық белден биік болмады...
Біздің қызық белден биік болмады,
«Поэзия – ақ көйлектің дірілі...»
Дәл осылай
дестеленді дәптерге,
Көк көрпенің ілімі.
Жар төсегі жаһаннамға айналған...
Қолдар жатыр омырау мен балтырда.
Қалш-қалш етіп
қалтырайды ар-ұят,
Шымылдықтың артында.