meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  20.08.2022
  121


Автор: Досан ЖАНБОТА

ҚОСАЙ ШЕЖІРЕШІ

Сонау да сонау 20 ғасырдың қырық үшінші жылы еді,
Ол дəуірді көргендер аз бұл күнде, ортақ бір-ақ тілегі.
Айтпасам ішке сыймайды, есіме алсам сол сəтті.
Шежіреші Қосай қарт түсіме ылғи кіреді.
...Алакөбе,
Жарығы əлсіз май шамның,
Отыр Қосай сол төрінде Қайшаның.
Қайша келін, ардақтысы, аямайды дəм-тұзын,
Содан ба екен сүйіктісі баршаның.
Кино да жоқ,
Театры қайдан болсын ауылдың,
Күнде жылау,
Қара қағаз хабаршысы дауылдың. –
Москвадан,
Киевтен
Келетұғын қайғысына ортақтасып бауырдың.
Зілдей ауыр,
зілдей ауыр,
сол күннің жеті жаста куəгері болдым мен,
Бір жігіт жоқ, қалың елге ақыл айтар, жөн білген.
Бəрі кеткен майданға жетім, жесір қалғаны,
Бір бəйбіше, төрт қарттың даналығын көрдім мен.
Бəйбішесі Башайы «халық жауы» болып кеткен баласы,
Жетпістегі Ысқақ сал, түлкі ішік, құндыз тері жағасы.
Бəтекбай мен Байқасқа бірі – қайны, екіншісі – қайын аға,
Бəріне де ақылшы тоқсандағы Қосай деген данасы.
Бір ауылдың түзететін тетірі мен тентегін,
Сол кездегі жесір айтқан, мұңға толы əн тегін
Өлең шіркін, ортақ қазына, үлесім бар менің де.
Жазбай оны қалай ғана, қарыздар боп кетемін.
Тоқылған жейде, жыртық жамау киімді –
Жесірлерді жуату Қосай қартқа бұйырды.
Ақ сақалы желпілдеп бастағанда аңызын –
Ұмытып та кетер ек, қайғы деген құйынды.
Ол айтатын ертегіні – елдігімді қорғаған,
Ол айтатын ерлігімді бүкіл халық қолдаған.
Намысымды қайрағанда қыран болып қалықтап,
жер əлемді шарлағам.
О, туған ел жаға білсең лапылдаған отыңмын,
Мен сол шақта қиялменен қия шыңда отырдым.
Мына сайқал заманның болатынын кім білген,
Миханатын көретін дүние деген қоқымның.
Алғаш рет естігенбіз Үйсін ханның есімін,
Ғасырлардың шаңы басқан тарихтың есігін.
Ашып Қосай, айтты бізге: «Ұлы ханның сүйегін –
Сақтайды – деп, – Қарқарадай менің алтын бесігім.
Бəрі орнына келеді» – деп бастар еді əңгіме,
Сол сабырлы бейнесі есте қапты мəңгіге.
Енді барсаң ауылға аңыз айтар кəрі жоқ,
Білетіні сиыры мен бес қойы, ақырзаман келді ме?!
Қосай бізге тар заманда рух берді,осылайша демеді,
Білмеуші едік, ұры, қары, сауда, сайқал дегенді.
Ұмытылды КПСС-тің келіп, кеткен көсемі –
Бірақ халқы ұмытқан жоқ – Қосай шешен, – дегенді!





Пікір жазу