20.08.2022
84
«БОС САНДАЛМА...»
Осы күні біздің елде күнəлілер жоқ тегі,
Бірақ-бірақ бəрі бірдей періште емес, көктегі.
Кілең мықты, тіршілік қой, қайнаған –
Кінəліні көретін бір пенде жоқ өйткені.
Сөйлегенде данышпан жерді шарлап қайтады,
Бəйгінің алдын бермейді ойнақтаған байталы,
«Жетілді деген осы» – деп ұялмастан кеуделеп,
Адам түгіл Аллаһқа да ақыл айтады...
Дүрбелеңмен басталды тағы міне бұл апта,
Басқа шықты бит біткен жүретұғын балақта..
Жамандайды жақсысын жалпақ елге жар салып,
«Бос сандалма, тек!» дейтін Бұхары жоқ бірақ та.