20.08.2022
  97


Автор: Досан ЖАНБОТА

КЕЛЕДІ ОЛАР

Соғыс жайлы жазған өлең аз əлі,
Оқ, бомбаның сейілген жоқ тозаңы.
«Москваны қорғаймыз!» деп мəңгілік,
Алатаудың келмей қалған қазағы.
Оларға ешкім төлеген жоқ бодауды,
Жаназасы берілмеді,
Орыс үшін болды солай қолайлы.
Кетті деді хабарсыз,к ерек пе еді сол жеңіс –
Оққа қалқан, қырып салды малайды.
Ал мен үшін əлі тірі, келеді олар ақ таңда,
Аралайды алма, өрік, миуалы бақтарда.
Құшақ құшақ гүл сыйлайды аямай,
Алғаш рет махаббатын тапқанға!
Келеді олар қунышты күндерде,
Кездеседі сен той тойлап жүргенде.
Жап-жас қалпы, жатырқама бауырым,
Ол мəңгілік, мəңгілік деп білгенге!
Келеді олар сенің тыныш сəтіңде,
Көрген шақта шыдамас-ау дəтің де.
Жанарында сағыныштың алауы –
Ал өмірі тұр ғой ажал өтінде.
Ол бар жерде сен жүргенде тік басып,
Қалай ғана жыр жазбассың жұптасып.
«Ақын көп!» деп айтқан адам ақымақ –
Оқ ату мен от үрлеу де ұқсастық.
Соғыс жайлы өлең тегі аз екен,
Өлең-жырмен өмір сүрген қаз-екең.
Шаршы топта шалқымаса шабытпен,
Қазақ үшін кешірілмес жаза екен.
Ата көрген, ана көрген пенделер,
Сендер мені күстəналай көрмеңдер.
Өлең жаза білмен деген қазаққа,
Ешқашан да, ешқашан да сенбеңдер.





Пікір жазу