ТОЙ ҒОЙ, АПА!
Той ғой апа, шақыр көрші досыңды,
Ешкім бүгін ерсі көрмес осыңды.
Қатқыл күнде қара нанды бөліскен,
Адамдар ғой көтеріскен қосыңды.
Дегенменен соның бірі кешегі,
Келіп отыр сөз етудің есебі.
Су таситын Шарындағы тоғайдан,
Əлі есімде, Əкімжанның есегі
Қия жолдан таймайтын ол, озбайтын,
Ұмытпасам қайда қыста қоздайтын.
Мамадағы Малдыбайдың торы аты
Ширыққанда шылбыр үзе жаздайтын.
Жеңгеміз де Қызжібектей жан екен,
Лəззатты баз кешкен бір аяулы жар екен.
Көрдім бірде тұрды еңіреп екеуі,
Кейін білдім бір перзентке зар екен.
«Соғыс, – деді, – үзген біздің үмітті»,
Соғыс екен кемтар еткен жігітті.
Енді ойласам, жеңгем төзіп «жоқтыққа»,
Біздің ауыл кем егіпті көшеге бір – «шыбықты».
Нағыз батыр дер едім мен жеңгемді,
Жеңілмейтін махаббатты жеңгенді.
«Қамшысы» жоқ қайран ағам қамығып,
Дүниеден өтті ақыры сенгін мейлі, сенбе енді.
Ұмыт болды дегенге мен иланбан,
Көл болмайды құмға суды құйғаннан.
Талай жігіт тағдырына шыдамай
Түңілігі ашылмастан үй қалған.
Өмір бейбіт, қалай бəрін түгейін,
Көрдік небір кереметін дүлейдің.
Қиын сəтте қиып кетпеу қимасын,
Дəстүр болып қалса екен деп тілеймін.
Отыр достар көңіл бір сəт бусынды,
Жай кемпір деп ойлама,
Менің анам Күлсінді.
Михнаттың рахатын көргенде –
Біз айтпасақ кім айтады бұл сырды.
Аз айтты деп кінəлама өткенін,
Көп айтты деп шамаң келсе сөкпегің.
Дастарқанда толы тағам замандас,
Бағаласақ келмеген ғой теп-тегін.