19.08.2022
  110


Автор: Нұрлан Қалқа

Сүйкімдісің, өте жақсы білемін

Николай РУБЦОВТАН
Сүйкімдісің, өте жақсы білемін,
Ешқашан да саған жалған айтпадым.
Неге екенін, жасырып мен жүремін,
Сүйе алмадым деп айтуға батпадым.
Жақсы көріп кеттім білем өзгені,
Көп күндерде оған сеніп кеттім бе?!
(Құлай сүйген сендік жүрек сезбеді...)
Өптім сені...соны ойлаған екпінмен.





Пікір жазу