19.08.2022
  115


Автор: Шекарашылар күні

Қиындықтар болмасын

Арыстандай айбатты,
Ел қорғайтын жігіттер.
Жолбарыстай қайратты,
Сендерсің бар үміттер.

Құтты болсын бүгінгі,
Мерекеңіз кеп жеткен.
Құттықтаймын сіздерді,
Шекарашы күнімен.

Саулықтарың мықты боп,
Ел тынышын сақтаңдар.
Ынтымақта, бірлікте,
Ел үмітін ақтаңдар.





Пікір жазу