19.08.2022
261
Сендер барда жігіттер
Шекараны күзетіп,
Күндіз-түні жүретін.
Сендер барда жігіттер,
Жайымыз бар күлетін.
Құтты болсын бүгінгі,
Келіп жеткен мереке.
Тыныш болып қашанда,
Арта берсін береке.
Саулықтарың мықты боп,
Ел қорғаны болыңдар.
Қуаныштар көбейіп,
Бақытты жан болыңдар.