19.08.2022
  163


Автор: Мұрат Мөңкеұлы

МҰРАТ ПЕН ҚАШАҒАН

Мұрат:
Аман-есен жүрмісің,
Қашаған аға – заңғарым,
Қайдан білсін мына жұрт,
Қашаған менен Мұраттың
Анттасып дос болғанын?!
Біліп келе жатырмын,
Кейбір жылпос қулардың,
Айдап салып біздерді,
Айтыстырмақ арманын.
Несібеміз таусылмай,
Көрістірді бізді тағы да –
Бергені ғой бұл да Аллланың...
Қашаған:
Бармысың менің жүйрігім,
Алдыңа қара салмаған.
Айыбым бар, білемін,
Іздеп сені бармаған...
Қу тірліктің қамымен,
Ініден хабар алмаған.
Болдың ба тәуір тарланым,
Құшағыңды аш кәнеки,
Мауқымды басып алайын,
Отырғасын жайғасып,
Айтармын сөздің қалғанын...





Пікір жазу