19.08.2022
148
АЙЖАРЫҚҚА АЙТҚАНЫ
Жаман менен жақсының
Жер мен көктей арасы.
Бұзаудың етін шикі жеп,
Содан болды, білемін
Айжарық бидің жаласы.
Болыстыққа таласты,
Тағы қуар мамырын,
Ақөгіз ұлдың баласы.
Жаман кісі білмейді,
Жақсы адамның қадірін.
Өзі шикі, қатты етті,
Кеспей салып аузына,
Құдайым неден кетірді,
Қарт кісінің сабырын.
Би болам деп таласып,
Дүние малын шашады,
Ақөгіз ұлдың баласы
Тағы да қуар мамырын.