19.08.2022
182
ҮЗІК ТЕРМЕ
Ар жағымыз белгілі:
Он екі ата Байұлы
Ұранға шыққан Ағатай
Жауға шапқан жанаса-ай!
Ағатай ердің тұсында,
Құрыды жаудың шарасы-ай.
Ерлікпен тартып алынды
Алпыс судың саласы-ай.
Кешегі өткен Исатай
Жауды көрсе састы ма,
Одан қорқып қашты ма?
Қанша батыр өтсе де
Бір қазақтың ерлігі
Махамбеттен асты ма?!
Алладан бұйрық болғанда,
Олар да бір күн кетіпті
Қара жердің астына...