19.08.2022
  1845


Автор: Ойын өлеңдері

Ұл мен қыздың айтысы


Ұ л:
Қыздар, қыздар құртыңнан,
Қуып келдiм жұртыңнан,
Сол құртыңнан бермесең,
Тесiп шықсын ұртыңнан.
Қ ы з:
Бала, бала, қырт бала,
Аузымдағы құрт, бала,
Сiлекейлеп берейiн,
Сусын болсын, жұт, бала.
Ұ л:
Қасқыр, қасқыр қара ала,
Бауыр жүнi сары ала,
Бiздiң қойды арала,
Қыздардың қойын жарала.
Қ ы з:
Қасқыр, қасқыр қарасың,
Қасқыр қайда барасың,
Мына баланы жей ғой,
Қойды қайдан табасың.
 
Ұ л:
Қасқыр, қасқыр қара ала,
Өтiрiкке қарама,
Қой болмаса далада,
Осы қызды жарала.
Қ ы з:
Маң төбетiм барады,
Қасқырларды алады.
Содан кейiн сен, бәлем,
Тап өзiңдi қабады.





Пікір жазу