19.08.2022
730
Бала мен қыздың айтысы
Б а л а:
Домбырам басы ырғай-ды,
Қыздар қолын бұлғайды.
Бұлғаса да бармаймын,
Әлдене деп қарғайды.
Қ ы з:
Домбырам басы ырғай-ды,
Қыздар қолын бұлғайды.
Шақырғанда бармасаң,
«Көк шешек» деп қарғайды.
Б а л а:
Ол қарғысың өзiңе,
Екi қара көзiңе.
Қыз қарғысы өтпейдi,
Маған тiптi жетпейдi.
Қ ы з:
Кәмпитiмнен бермеймiн,
Ендi саған ермеймiн,
Маңайыңа келмеймiн.