19.08.2022
  269


Автор: Ойын өлеңдері

Қаламақтар VI түрi

Ойын алдында балалар екi жетекшi
сайлайды, содан соң екi-екiден жұптасып, өздерiне жасырын ат қояды.
Сол жасырын ат бойынша екi жетекшiден кезек-кезек қалауын сұрайды. Мысалы: «Аспандағы жұлдыз керек пе,
судағы құндыз керек пе?» Жетекшiнiң
бiрi: «Судағы құндыз!» – дейдi. Құндызбала соның жағына шығады. Осылайша
қаламақ жалғаса береді де, келесі ойынды ойнау үшін балалар екi топқа бөлiніп
алады.
Аспандағы жұлдыз керек пе,
Судағы құндыз керек пе?
* * *
Ақ сандық па,
Көк сандық па?
* * *
Түйенiң ботасы керек пе,
Жердiң жотасы керек пе?
* * *
Алтын асық керек пе,
Күмiс қасық керек пе?


* * *
Тебеген бие керек пе,
Қашаған түйе керек пе?
* * *
Көлшiктегi көлбақаны аласың ба,
Тастақтағы тасбақаны аласың ба?
* * *
Кiмге ат,
Кiмге арба?
* * *
Бiр, екi,
Жердiң бетi.
Сары шымшық,
Тез ұшып шық!
* * *
Шал мен кемпiр келе жатып,
Арбасының доңғалағы сынып қапты.
Оны жөндеу үшiн неше шеге керек?
Бiр,
Екi,
Үш,
Төрт,
Бес,
Алты,
Жетi –
шығып кеттi!
* * *
Ақ тас, қара тас,
Сен қаш, сен бас.
* * *
Бала – тапқандiкi,
Ешкi – баққандiкi.





Пікір жазу