19.08.2022
337
Санамақ
Бірім – бір,
Екім – екі,
Үшім – үш,
Төртім – төрт,
Бесім – бес,
Алтым – алты,
Жетім – жеті,
Сегізім – сегіз,
Тоғызым – тоғыз,
Оным – он.
Он бірім –
Оны тапшы, ай-күнім?
Бір дегенің – білеу,
Екі дегенің – егеу,
Үш дегенің – үскі,
Төрт дегенің – төсек,
Бес дегенің – бесік,
Алты дегенің – асық,
Жеті дегенің – желке,
Сегіз дегенің – серке,
Тоғыз дегенің – торқа,
Он дегенің – оймақ,
Он бір – қара жұмбақ.