19.08.2022
  82


Автор: Нұрлан Қалқа

Ереуілтөбе

(Баллада)
Он алтыншы, отты жылдар, айбатты
Ерлер шықты елiм деген қайратты.
Ұлық сөзi, ақ патшаның жарлығы,
Кəрi-жастың зығырданын қайнатты.
Қарқараға қалың нөпiр ағылды,
Сасқан елге пана басшы табылды.
Ұзақ батыр, Жəмеңке би, Жаңабай,
Жиды елдi, шырақ белгi жағылды.
– Берме бала, текке өлер, қансырап,
Адам емес, патша алсын мал сұрап.
Албанымның арын сатпа, ағайын,
Бiз көнбеймiз тұрсақтағы қалжырап.
Ант берейiк баламызды бермеске,
Патша үкiмi кетсiн тегi келмеске.
Ұрпақ үшiн жаным пида, аянбан,
Ойлан елiм, неге маған ермеске? –
Ұзақ батыр шықты өзiн құрбан ғып,
Жансыздары Подворковтың тұр аңдып.
…«Көнсек үнсiз бала өлер, ей, жұртым,
Ал көнбесек шал өледi бұл анық», –


Деп Жəмеңке саңқ еттi сол бiр сəт,
Ұзақ батыр сөз сөйледi жол нұсқап.
Батырларды қалың елi қолдады,
Дестi олар: «жөн-жөн екен қол құрсақ»…
…Жəрмеңкеге келдi халық ертесi,
Қан жайлаудың қалың едi көрпесi.
Жасыл шалғын, құлпырып тұр Қарқара,
Естi алар қырмызы – гүл, жер төсi.
…Ұлық састы, ертiп алған болысты,
Қаһарлы топ көрдi ылғи жол үстi.
Атқа мiндi момын Албан, тым сұсты,
Құлшынып жүр «жайратам деп орысты».
…Жеңдi халық, жүзi жарқын, шат бүгiн,
Серпiгендей болды қапас түндiгiн.
Тым ұзаққа созылмады бұл жеңiс,
Шапты казак көтерiлiс кiндiгiн.
…Ұмыт қалмас, өшпес мəңгi көңiлден,
РУХЫ тiрi, (дене жерге көмiлген).
Ереуiлтөбе – ескерткiшке айналған,
Бабалардың қасық қаны төгiлген.





Пікір жазу