18.08.2022
  106


Автор: Нұрлан Қалқа

Асының алтын сақасы

Болат Ұзақовқа
Асының алтын сақасы,
Əзекеңдердің жалғасы.
Еркелеп елге жүргенің,
Талантыңның арқасы.
«Үміттен» бастап өрледің,
Ешкімге дес бермедің.
«Жандауа» – соның жемісі,
Көрермен сүйіп көргені.
«Мұқағалимен» қауыштық,
(Жан сырын аштың арыстың).
«Кенесары-Күнімжан» –
Түркияда өтті табысты.
Сəтті қойып «Гамлетті»,
Көпшілікті тəнті еттің.
Дарыныңмен тамсантып,
Қазақ өнерін мəңгі еттің.
Асының алтын сақасы,
Үмітін елдің ақташы!
Қорғасын Алла,


Қолдасын –
Еліңнің берген батасын!!!
Астана, 25.01.2013 ж.





Пікір жазу