18.08.2022
  94


Автор: Нұрлан Қалқа

Қуатқа

Бес жасыңда сəби едің жүгірген,
Бір жылаған, бір уанған, бір күлген.
Есейгенде дұрыс қадам аттадың,
(Ештеңе етпес бала кезде сүрінген).
Он жасыңда бала болдың ақылды,
Арқа тұттың ағайын мен жақынды.
Асыл анаң жасапты зор бір ерлік,
Дүниеге əкеп сендей ақын-ды.
Он бесіңде ақын болдың дарынды,
Өн-бойыңнан отты жырлар ағылды.
Алаулаған сезімдерге елтіген,
Талай ару алқа етіп тағынды.
Жиырма бесте жүрдің досым, жалындап,
«Таңшолпанда» қызмет еттің барың сап.
«Егеменнен» ел таныды өзіңді,
(Оңай емес жас күніңде танылмақ).


Отызыңда төрін берді Ақорда,
Құрыштай боп шыңдалдың сен тап сонда.
Елін сүйген, еңбектенген жан үшін,
Таңдап барып қонады екен бақ қолға.
Отыз бесте жолың сенің ашылып,
Министрмен кеттің көштің басы боп.
Төрағаға орынбасар болдың да,
Кітаптарды шығардың сен жақсы ғып.
Қырық жаста – қамал бұзар кезіңде,
Беріктік бар ісің менен сөзің де.
Ерен еңбек, маңдай терің ақталып,
Медаль болып жарқырайды төсіңде.
Адал доссың, мінезіңмен ардақты,
Қашан болсын бола білдің салмақты.
Арамызда аман-есен жүре бер,
Тілейміз біз өмірдегі бар бақты.
Астана,, 12.12.2012 ж.





Пікір жазу